Қала тіршілігі

Су басудан сақтансақ

Төтенше жағдай департаменті Байқоңыр ауданындағы су астында қалуы мүмкін учаскелерді тексерді.

Су басу оқиғаларының алдын алу аясында Астана қаласы ТЖД Байқоңыр ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары аудан әкімі аппаратымен, коммуналдық қызметтермен бірлесіп, аудан аумағындағы су астында қалу қаупі бар учаскелерді аралады.
Тексеріс барысында Өндіріс, Кирпичный, Промзона тұрғын үй алаптары, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ арналары қаралды. Нәтижесінде су басу қаупі төніп тұрған 10 учаске анықталды. Бұдан бөлек, мамандар су бағыттағыш арықтардың, канализациялық жүйелер мен кешендердің, тазартқыш ғимараттардың жұмысын бақылады.
Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде «Аудан тұрғындары мен аумағын көктемгі тасқын судан қорғау шаралары туралы» жол картасы жобасына енгізу мақсатында су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешені әзірленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button