Жаңалықтар

Бір жүйеге біріктіріледі

Астанада жедел медициналық көмек, полиция және өрт сөндіру қызметтерінің нөмірлерін бір жүйеге біріктіру жоспарланып отыр. Бұл туралы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова мәлімдеді.

Осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті. «Қазіргі кезде жұмыстардың екінші кезеңін пысықтап жатырмыз. Жоба министрліктердің келісімінен өту керек. Себебі өрт сөндіруді, полицияны және жедел жәрдемді интеграциялау үшін Ішкі істер және Денсаулық сақтау министр­ліктерімен тиісті шаралар іске асырылу қажет. Сол кезде бізде 101, 102, 103 нөмірлері жойылып, болашақта тек 112 және 109 болады. Яғни АҚШ-тағы секілді аталған екі нөмірге ғана телефон шалуға болады» деп түсіндірді орталық жетекшісі.
Бұл жұмыстар америкалық үлгі негізінде жасалып жатыр. АҚШ-та шұғыл көмек қажет кезде 911 нөміріне хабарласады. Ал егер шұғыл емес мәселелер болса, онда 311 нөміріне қоңырау шалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button