Қала тіршілігі

Тұрғындар игілігінде – жаңа бекеттер

Байқоңыр ауданында бірнеше велосипед бекеті ашылып, бірқатар тұрғын үйдің ­аулалары абаттандырылды.

Аталмыш ауданға қарасты Жұбанов–Пушкин, Пушкин–Янушкевич және Кенесары–Жұбанов ­көшелерінің қиылыстарында жаңадан велобекеттер орнатылды. Сонымен қатар, Жұбанов көшесі, 4-үй, Кенесары көшесі, 52-үй, Уәлиханов көшесі, 9-үй және Тәшенов көшесі, 12-үй мекенжайларындағы аулалар жаңартылды.

– Велобекеттер – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен велосипед спортын кеңінен дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесі. Аталған нысандар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен жобаның аясында іске асырылуда. Тұрғындардың пікіріне құлақ түре отырып, қолайлы орындарға қойылды. Алда тағы осындай екі нысанды ашу жоспарда тұр. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін аудандағы 73 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылуы тиіс. Қазір соның төртеуінің жұмысы толық аяқталды. Мұнда шағын алаң ғана емес, футбол алаңдары, «Street Workout» құрылғысы, балаларға арналған ойын алаңдары мен ересектердің де спортпен шұғылдануына арналған жаттығу құрылғылары бар, – дейді Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов.
Аудан басшысының айтуынша, Янушкевич–Кенесары көшелерінің қиылысында елорданың 20 жылдығына Польша елі тарту еткен жаңа сәулеттік жоба пайда болады. Оның ашылуы қыркүйек айына жоспарланып отырған көрінеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button