Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Елордадағы 45 қабатты «Зүбәржат квартал» (Б блогы) әкімшілік ғи­мараты gosreestr.kz электронды сауда алаңына шығарылды. Ны­санды «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС саудаға салған. Жалпы ауданы 100 923,7 шаршы метрді құрайтын ғимараттың бастапқы бағасы – 24 миллиард 83 миллион 228 мың теңге.

Алматы

«Алматы Аренада» фут­залдан студенттер ара­сындағы әлем чемпионаты ашылды. Турнирге 17 елден 25 команда қатысып отыр. Бұл жолы қатысушылардың саны 16 жылдың ішінде рекордтық межеге жеткен.

Ақмола облысы

Бурабайда 200 адамның қатысуымен «Colorfest Burabay» фестивалі өтті. «Burabayland» пар­кінің аумағында ұйым­дас­тырылған шара барысында қатысушылар бір-бірінің үстіне бояу шашты.

Павлодар

Павлодар қаласының білім бөлімі мектептер үшін қазақ, орыс, сондай-ақ ағылшын тіліндегі 428 047 кітапты сатып алды. Жаңа форматтағы оқулықтар мен әдіс­те­­мелік құралдардың элек­трондық нұсқалары да бар.

Қостанай облысы

Лисаков қаласында өткен «Тың Целина-2018» 33-ші облыстық спартакиа­дасына биыл 27 мыңнан астам адам қатысты.

Атырау

Атырауда 91 метр­лік тутұғырдың құры­лысы бас­талды. Ол Ә.Жан­гелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында, көлемі 112 шаршы метр болатын жаңа алаңда орналасады. Бұл қаланың барлық жағынан кө­рінетін ең биік нысан бол­мақ.

Шығыс Қазақстан облысы

Келесі жылы Өске­менде және Ахмирово ауылында 1000 орын­дық мектептердің құры­лыстары аяқталып, пай­да­лануға беріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button