Жаңалықтар

Даярлық жұмысы жақсы

Әкімдікте өткен дөңгелек үстелде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өтудің даярлық жұмыстарын қорытындылады.Жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын жаңа жүйенің тиімділігін халық арасында түсіндіру бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, оның аясында елорда жұртының 98,5 пайызын құрайтын 700 мыңнан астам тұрғындар қамтылған. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде МӘМС туралы 15 мыңнан аса материал жарияланып, 1 млн-нан астам түсіндірме парағы тұрғындарға таратылған.
– Алдағы 19 желтоқсан күні «іKOMEK» орталығы арқылы халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Және «Жанұя» отбасын қолдау орталығында да МӘМС бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алады. Тағы бір айтып өтетін жайт, аталған жұмыс бойынша мониторинг жүргізу мақсатында біздің басқармада МӘМС бойынша кеңес құруды жоспарлап отырмыз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Қисықова.
Жиында атап көрсетілгендей, елордада 105 медициналық мекеме жаңа жоба аясында келісімшарт жасауға дайын. Бүгінде олардың барлығы да медициналық-ақпараттандыру жүйесімен қамтылған. Сол сияқты олардың 102-і Денсаулық сақтау министрлігіне кіріктірілген. Қалған үш мекеме бойынша да кіріктіру жұмыстары жүріп жатыр, осы айдың 15-іне аяқтау көзделуде.
Сонымен бірге МӘМС аясында көрсетілген қызметке төлемақы жасағысы келген әрбір азамат қаладағы 28 медициналық мекеменің 14-інде төлем терминалы орнатылған.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button