Жаңалықтар

ЭКСПОҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ

15-1

Астана қаласы мәслихатының депутаттары Қытай Халық Рес­пуб­ли­касының Хэйлунцзян провинциясынан келген делегациямен кездесті.

Екі жақты достық қарым-қатынас орнату мақсатында өткен кездесу барысында мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов қытайлық әріптестерін елордалық өкі­летті орган айналысатын мә­селелермен таныстырды.

Мәслихат хатшысы қонақтарға елорда дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып, ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесін өткізуге байланысты алдағы іс-шараларға толығырақ тоқталды.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Қытай Халық Республикасы еліміздің басты әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақ­стан мен Қытай арасында екі жақты өзара қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастық белсенді дамып келеді. ҚХР қалаларымен және провинция­ларымен достық байланыс орнату аясында Астана мен Бейжің және Үрімші қалаларының арасында тығыз бауырластық қарым-қатынас орнады.
Қытайлық делегацияны бастап келген Хэйлунцзян провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Ду Цзимин делегация мүшелерін таныстырды. Депутаттарға жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Хэйлунцзян провинциясында дамыған негізгі салаларға тоқталды.

Қытайлық кәсіпкерлер Астана қаласының аумағында жүзеге асырылып жатқан «Астананың жаңа көлік жүйесі. LRT 1-кезек» жобасына қызығушылық танытты. Қонақтар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тікелей қатысуға ниет білдірді және Астана қаласының аумағында Хэйлунцзян провинциясының апталығын өткізуді ұсынды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button