Басты ақпаратҚала мен Сала

Экспорт көлемі 2,5 есе өсті

Астана шетелдік инвестицияларды тарту бағытында 7-орынды иеленеді. Бұл бағытта бірыңғай пул құрылып, оған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 2,3 трлн теңгені құрайтын 262 жоба кірген. Бұл жобаларды жүзеге асыру 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бас қалада пайдалануға берілген 50 жобаның 11-і экспортқа бағытталған. Бүгінге дейін 93,8 млрд теңгенің өнімі экспортқа жіберілген.

Бүгінде Астана өнеркәсібі даму үстінде. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша елорда 7-орында тұр. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Astana Invest» ЖШС Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Дияр Асқаров мәлімдеді.

Өңдеуші кәсіпорындарды қолдаудың пәрменді құралдарының бірі арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) екені белгілі. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет АЭА дамыту бойынша түбегейлі басқа саясатқа көшу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Департамент директорының айтуынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда бас қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1909,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,7%. Өңдеу өнеркәсібінде 1738,6 млрд теңге сомасына өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 101,2%.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары металлургия, машина жасау, басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі, сусындар өндірісі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру және тамақ өнімдері болып табылады. Қалалық өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі үлесі №1 Индустриалдық паркте, технопаркте, Өндіріс кентінде шоғырланған.

– Қаланың өнеркәсібі, негізінен, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен ұсынылған-өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі 91%; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 7,6%; сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,3%. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,7%-құрады. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 10%-ға дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылғы қаңтар-тамызда елорданың өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 1743,6 млн АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Ал қаңтар-желтоқсандағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1446,8 млрд теңгені құрады. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,2% өсіммен, 1093,6 мың теңгені құрады, – деді Д.Асқаров.

Елорда – шетелдік инвес­тицияларды тарту бойынша 7-орында. Бүгінгі таңда Астана қаласының инвестициялық жобаларының бірыңғай пулы құрылды, оған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 2,3 трлн теңге болатын 262 жоба кіреді. 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен қатар, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 249,9 млрд теңгеге 82 жоба қарастырылған.

Бүгінде «Астана – жаңа қала» АЭА ЖК-1 аумағында 5871 тұрақты жұмыс орнын құрумен 166 млрд теңгеге 50 жоба жұмыс істейді. Іске асыру сатысында 63,5 млрд тг сомасына, 2484 тұрақты жұмыс орнының құрылуымен 40 жоба қарастырылған.

– Барлық уақытта салынған инвестициялар көлемі – 183,4 млрд теңге, 2022 жылдың 9 айында – 9,6 млрд теңге. Бүгінгі таңда «Астана-Технополис» АЭА аумағында 1 млрд теңгені құрайтын, 32 тұрақты жұмыс орнын қамтыған 3 жоба жұмыс істейді. 10 жоба іске асырылуда, – деді «Astana Invest» ЖШС Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі департамент директоры.

Сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісе келе, мекеме басшысы қолданыстағы 50 жобаның ішінде шетелдіктердің қатысуымен 7 жоба барын атап өтті. Жүзеге асырылып жатқан 50 жобаның 2-іне шетелдік компаниялар қатысуда.

Елордада іске қосылған 50 жобаның 11-і экспортқа бағытталған. Осы уақытта дейін 93,8 млрд теңгенің, ал 2022 жылдың 9 айында 15 млрд теңгенің өнімі экспортталды. Негізгі экспорттық тауарлар: электровоздар, комбинезон, локомотивтер, қалпақшалар және т.б. болса, бұл заттар Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия секілді елдерге экспортталуда.

Қазіргі күні инвесторлардың қажеттіліктерін ескере отырып, №2 индустриалды парк құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– №2 индустриалды парк құру үшін бас жоспар әзірленді. Оны әзірлеуге халықаралық сингапурлық «Jurong» компаниясы атсалысты. Техникалық-экономикалық негіздемені түзету жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда инженерлік желілердің жүктемелері бойынша қорытынды жұмыстар жүргізілуде, мүмкін болатын жүктемелерді анықтау үшін қаланың коммуналдық қызметтерімен кездесулер өткізілді. Телефонмен жабдықтау, электр, су және кәріз, газбен қамту желілеріне техникалық шарттар алынды. Бастапқы мәліметтерді жинауға және N2 индустриалды парктің жер телімін кластерлерге бөлуге байланысты ТЭН түзету 2023 жылы аяқталады деп күтілуде, – деді Д.Асқаров.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button