Сайлау - 2021

Ел дамуының кепілі – қаржылық сауаттылық



Әубәкіров Айбат – Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасының түлегі. Қаржы саласында табысты еңбек етіп келе жатқан жас маман – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттығына үміткерлердің бірі. Осы орайда біз Айбат Қайратұлымен алдағы жоспарлары жайлы сөйлескен едік.

– Депутат болудағы мақсатыңыз қандай?

– Біз тез өзгеретін әлемде өмір сүреміз. 2020 жыл қиындықтарымен есте қалды. Барлық өзгерістер тікелей елордамызға да әсерін тигізуде. Сондықтан менің кәсіби тәжірибем жаңа міндеттерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Нұр-Сұлтан қаласында 2008 жылдан бері тұрып келе жатырмын. Балаларым да осы жерде дүниеге келді. Сондықтан мен елордамыздың тағдырына бейжай қарай алмаймын. Қаламыздың гүлденуі мен өркендеуі жолында жастық жігерім мен адал еңбегімді көрсетсем деймін.

– Nur Otan партиясының бағдарламасы несімен ерекшеленеді?

– Партиямыздың бағдарламасы қала тұрғындарының көп жылдар бойы жауабын таппай келе жатқан түйткілді мәселелерін шешуге бағытталғанымен ерекшеленеді. Соның ішінде жас отбасыларға көмек көрсету білім беруді дамытуға қолдау жасау, жастарға арналған тұрғын үйлерді салу, мектептер мен балабақшалар ашу жағы қарастырылған. Біздің бағдарламамыз қала мен қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін.

– Еліміздің дамуы үшін қай салаға көңіл бөлуіміз керек?

– Менің ойымша, қоғамымызда ең бірінші қаржылық сауаттылықты арттыруымыз керек. Адам капиталын дамыту, білім деңгейін көтеру жетістікке жетудің кепілі деп санаймын. Қаржы саласында 15 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқандықтан, жиған білімімді еліміздің дамуы жолында көрсетсем деймін.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button