Сайлау - 2021Саясат

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

«Нұр Отан» партиясының депутаттыққа үміткерлері Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты мамандарымен онлайн кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында өткен жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, саладағы түйткілді мәселелер талқыға түсті.

Шараға «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жаппарова, жеке сот орындаушысы Талғат Мамықанов, №3 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина қатысып, ел медицинасын жақсартудың жолдарына тоқталды.
«Елордада «Үйдің жанындағы дәрігер» жобасы қолға алынып, жоба шеңберінде 30 отбасылық дәрігерлік амбулаториялар ашу көзделген. Игі іс 300 мың тұрғынды қамтиды деп жоспарланған. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, 500 орындық инфекциялық аурухана, 800 орындық көпбейінді аурухана және жаңа перзентхана салынады» деді №3 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы, ондағы медицина саласында болатын оң өзгерістер туралы айтылды. Nur Otan партиясы өкілдері бұған дейін Қазақстан өңірлерінің бәрін аралап, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түргені мәлім. Соның нәтижесінде партияның сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама әр облыстың қалалары мен аудандарына арнайы әзірленген.
Кездесуге қатысқан ақ халаттыларға аталған бағдарлама аясындағы оң өзгерістер туралы баяндалып, бірқатар мәселелер көтерілді. Гүлжамал Жаппарова мен Талғат Мамықанов бұл мәселелердің сайлауалды бағдарлама аясында шешілетінін айтып, індетпен күрес­те аянбай еңбек еткен медицина мамандарына алғыс білдірді.
«Дәрігердің мәртебесі биыл арта түсті. Олар бар қиындықты халықпен бірге еңсеріп, науқастардың жағдайын жасауға тырысты. Сонымен қатар Nur Otan партиясы медициналық-әлеуметтік көмек беруді басты міндет санайды. Осы індет кезінде партия өкілдері ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған шараларға белсенді түрде араласты. Жағдайы қиын отбасыларға азық-түлік пакеттерін таратты, көмекке зәру азаматтардың бәріне қол ұшын созды» деді Т.Мамықанов.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button