МәдениетСайлау - 2021

Мәдениет саласын дамытуға көңіл бөлінеді

Кеше Nur Otan партиясынан Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатына үміткерлер, Nur Otan партиясының мүшелері Ерлан Дәкенов, Владислав Сергеев, Азамат Айтқожин елордадағы Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымымен кездесті.

Кездесуде мәдениет саласындағы жетістіктер мен сақталып отырған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қоғамдық көлік, жылы аялдама сияқты әлеуметтік түйіндер де қозғалып, театр қызметкерлерінің жалақы, баспана мәселелері сияқты тақырыптар да қозғалды. Театр басшылары театрда қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, алайда пандемия мен қаржы мәселесіне байланысты бұл іс тым сылбыр екенін айта келіп, тиісті мекемелердің көмек көрсетуін өтінді. Үміткерлер көтерілген мәселелердің оң шешім табуына өз тараптарынан үн қосатынын жеткізді.
«Бұл жолғы сайлауға мәдениет саласынан үміткер ретінде қатысамын. Бүгінгі кездесудің мәні зор деп ойлаймын. Жалпы елімізде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биылдың өзінде елордамызда бірнеше театр ғимараты пайдалануға берілді. Мәдениет саласын дамытуға бөлінген қаржы да аз емес. Оның үстіне, елімізде тек қазақ мәдениетіне ғана көңіл бөлініп жатқан жоқ, Қазақстандағы барлық этнос­тардың мәдениетін дамытуға жақсы жағдай жасалған» деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік акедемиялық филармония­сының бас директоры, Nur Otan партиясы атынан қалалық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген Ерлан Дәкенов.
Кездесу соңында ол театр қызметкерлеріне сайлауға белсене қатысып, өздері қалаған үміткерлерге дауыс беруге үндеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Жалпы алғанда, «Нұр Отан» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлуде.
Бұл жалпыхалықтық іске айналуы тиіс.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button