Ел тынысы

Ең шешуші ойын алда

Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Түрікменстан ұлттық құрамасы арасында жолдастық ойын өтті.

Жабық түрде өткен бақылау ойы­ны Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. Тартысты ойынның 2-минутында Ислам Чесноков қақпадан саңылау тапты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Ал 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, Еуро-2024 іріктеу турнирінде Н тобында Дания, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия, Словения және Финляндияға қарсы ойнап, мәреге сынық сүйем қалғанда сүрінген еді. Топтар арасында 4-орын алған командалар бір-бірімен ойнап, Германияға баруға мүмкіндік алған-ды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 21 наурызда В тобында өнер көрсеткен Грекиямен сырт алаңда ойнайды. Сәттілік жолдас болып, жеңіске жетсе, онда Грузия-Люксембург арасындағы жеңімпазбен жолдаманы сарапқа салады.

 

 

 

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button