Мәдениет

Театрдың мерекелік тартуы

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академия­лық қазақ музыкалық-драма театры 27 наурыз – Халық­аралық театр күніне орай наурыз айының 16-26 күндері аралығында «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруін ұсынады.

Елорда көрермендерін Қаллеки театр өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру мақсатында өтетін іc-шара аясында театр сарапшылары мен көрермен назарына 2022 жылдың наурыз айы мен 2024 жылдың наурыз айы аралығында жарық көрген премьералар көрсетіледі. Атап айтқанда, «Баян Сұлу-Қозы Көрпеш», «Хат», «Бала мерген», «Үйлену», «Қыз жиырмаға толғанда», «Кешкі 7», «Жошы хан», «Қыз Жібек», «Патша көңілім, не дейсің?!.».

Театр сарапшылары спектакльдердің толық талдауын жүзеге асырып, үздіктерді анықтайды. Көрермендер театр фойесінде арнайы анкетаны толтырып, дауыс беру арқылы үздіктерге қолдау білдіре алады. Спектакльдер шеруінің салтанатты жабылуы 27 наурыз күні өтеді.

 

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button