ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ – ЖАСЫЛ АЛҚАПТА

23232

Ильинка ауылдық округі маңындағы орман алабында «Орман және бақша айлығы» акциясы өтті.

Жастар саясаты мәселелері бас­қар­ма­сының қолдауымен қалалық Студенттік құ­рылыс және жастардың еңбек жасақтары штабы ұйымдастырған бұл шара тазалықты наси­хаттап, қысы-жазы ұйыт­­қыған желден қалқа боп қаламызды көмкеріп тұратын жасыл белдеуді көздің қарашығындай сақтап, күтіп-баптау ниетінен туған. Ак­цияға қатысушы жас­тар «Астана орманы» ЖШС-ны көмегімен енді ғана та­мыр­ланған ағаштар маңын арам­шөптен, қоқыстан тазартып, орман шаруа­шылығының адам өмі­ріндегі маңызы туралы дәрістер тыңдады.

Сондай-ақ, олар таби­ғат аясында түстеніп, көк шалғын үстінде футбол ойнап, бой жазды.

Мәдина Жақып

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button