Денсаулық

Гепатитке қарсы күрес қалай жүргізілуде?

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Гепатитке қарсы күрес: аурудың алдын алу жолдары» тақырыбында Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы Күнсұлу Шамсивалиева баспасөз мәслихатын өткізді.

Астанада осы жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша созылмалы вирустық гепатиттер, бауыр циррозы, бауыр трансплантациясы ем-шараларынан өткен 7563 пациент есепте тұр. Ал Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымы Қазақстанды Орталық Азия мен ТМД-да гепатитке қарсы күрес бағдарламаларын орындауда көшбасшылардың бірі деп таниды.

Елімізде вирустық гепатиттердің алдын алу жұмыстары кешенді түрде жүзеге асырылады. Яғни, ең алдымен вирус көздеріне, таралу жолдары мен факторларына, инфекция жұқтыруға бейім халыққа көмек көрсетіледі.

1998 жылдан бастап В гепатитіне қарсы халықты вакцинациялау бағдарламасы жұмыс істейді. Сәбилер өмірге келген алғашқы күндерінен-ақ перзентханада В вирустық гепатитіне қарсы инфекциядан қорғайтын вакцина алады. Гепатиттің алдын алу жөніндегі шаралар кешеніне Қазақстандағы Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін белсенді иммундау-вакцинация да кіреді. Екпелер емханалардың егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button