Үйренетін үрдістер

Google

Google – Google Inc компаниясының ғаламторлық ең үлкен ақпарат іздеу желісі екені баршаңызға мәлім.

Айына 41 млрд 345 млн сұрақтың жауабын тауып, 25 миллиардтан астам веб-парақшаларды таңбалайтын Гугл­­­дың карталарымен қоса «3D гло­бус Earth», «браузер Chrome», «Glass» жобалары ақпараттық технологиялар әлемінде өзіндік жол ашып, интернет жүйесін жетілдірді.

Бір қызығы, мұнда жұмыс істеу үшін бес университет бітірудің қажеті аз. Компания қызметкерлерінің 14 пайызы тіпті, колледжде де оқымаған. Бірақ майталман мамандарының қадірін біледі. Бүгінде Google компаниясында 20 мыңға жуық адам еңбек етуде. Олардың біреуі дүниеден озса, оның зайыбы марқұмның соңғы он жылда алған жалақысының жартысын алып отырады, ал кәмелетке жетпеген балалары болса 1000 доллар жәрдемақы алады. Иә, білімі мықты болып, кезінде ресми құжаттан бір қателік кетпесе, компания Googol аталар ма еді. Алайда, білімнің таяздығы осындайда білінеді. Енді сөздегі бір әріп түсіп қалып математикалық онның жүз дәрежесі дегенді білдіретін сөз «Google» атанып жаңа сөз пайда болуымен бірге жаңа компанияның атауын білдіретін болды.

Гугл 2020 жылға дейін әр тілдегі әлемнің ең танымал көркем шығармаларын, ол шамамен 129 миллион кітапты ғаламтор бетіне орналастырмақшы. Кезінде «Street View» карталарының қызметі үшін Гугл әлемнің әр шетіндегі бес миллионнан астам шақырым жолдарды фотоға түсіріпті.

Айгүл УАЙСОВА

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button