Үйренетін үрдістер

МІНСІЗ ҚОЛТАҢБА

Америкада жазу жазатын кішігірім робот пайда болды. Бұл роботтардың  мүмкіндігі шексіз екендігін тағы да бір дәлелдей түсті. Оны Evil Mad Scientist калифорниялық компаниясы ойлап тапты. Машинаны  каллиграфиялық  жазу  үлгісіне  дайын  шаблондар арқылы «үйретті».

AxiDraw роботы А4 қағаз парағына мәтін жазып, сурет салады. Қаламсап ретінде құс жүнді қалам, маркер, қарындаш және басқа кеңсе тауарларын пайдаланады. Машина іске қосылу үшін Inkscape векторлық графиканың редакторы болуы керек. Жүйе­нің арқасында бірізді каллиграфиялық жазу­мен қатар құжаттарға қол қоюға болады. AxiDraw-ны шығарушылар құрылғымен ашық хаттарды, торттарды әсемдеуге кеңес береді.

Айта кету керек, дәл осындай робот нарыққа 2015 жылдың басында шыққан еді. «Bond» деп аталатын құрылғы қара сиямен сіздің қолтаңбаңызды айнытпай қайталайды. Тапсырыс берем деушілер үшін оның құны – 200 доллар. Ал қарапайым үлгідегі жазу 3 доллар тұрады. Смартфонмен жазылған хабарлама мобильді қосымша арқылы роботтың электрондық поштасына жіберіледі. Қалған шаруаны роботтың өзі атқарады. Сондай-ақ, көркем жаза білетін Bond хатты конвертке салып, оны балауызбен жабыстыра алады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button