Қала мен Сала

Халыққа қызмет көрсету жақсарып келеді

Елорда тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы өз дең­гейінде жүріп жатыр. Мемлекет басшысы айтқандай, билік бұқараға барынша жақындап, шенеуніктер алдына келген адамдардың мәселесін күн құрғатпай шешіп беруге тырысуда.

Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» МК» КЕАҚ филиалының директоры Мәди Садановтың айтуынша, бас шаһарда халыққа қызмет көрсету бойынша 10 бөлім жұмыс істейді, олардың 2-уі мамандандырылған, 1-еуі шетелдіктерге қызмет көрсетуге арналған.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін беру, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмірлік белгілерді беру бо­йынша қызметтер көрсетеді.

Бүгінде «Әлем» және «Central Market» сауда орталықтарында «Connection point» секторлары ашылып, шетелдік көлік құралдарын заңдастыруға құжаттар қабылдау басталды. Антикормен бірлесіп студенттер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері арасынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Еріктілер қозғалысының өкілдері ХҚКО жұмысына кедергі келтірмей, бақылаушы ретінде жұмыс істейді, мониторинг жүргізеді.

Елімізде алғаш рет елорда әкімдігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «iQala» қалалық қызмет көрсету орталығы құрылған болатын. QalaQyzmet жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Ол халықтың коммуналдық қыз­меттерге жүгінуін барынша азайтты

Министрліктер үйінде мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа ортасын құру үшін азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді, онда онлайн режимде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар көпфункционалды кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды, онда бизнесмендер мен заңды тұлғалар «Атамекен» ұлттық палатасы мен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы ынтымақтастықтың арқасында қаржылай емес қолдау шараларын ала алады.

Астана қаласы әкімдігінің iKomek109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Асқар Таксимов осы орталықта қалалық бейнебақылау камералары, өрт сөндіру және IT шешімдерін бақылау жүйелері біріктірілгенін атап өтті. Бұл орталық iKomek109 тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан және iKomek109 ахуалдық мониторинг орталығынан тұрады.

– iKomek109 қала аумағында балабақшаларда, мектептерде, емханаларда және басқа да нысандарда орналасқан 9 мыңнан астам бейнебақылау камераларына қосылған. Сондай-ақ камералар жолдарды, қиылыстарды, СОО, мешіттер, ірі автобус аялдамалары, вокзалдар сияқты адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Қауіпсіздікті неғұрлым тиімдірек үйлестіру және орталықтандырылған мониторингті қамтамасыз ету үшін iKomek109-дың өзінде Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері орналасқан, бірлескен қызмет нәтижесінде жыл басынан бірнеше құқық бұзушылық анықталып, олардың бір бөлігі хаттамамен ресімделді, – деді орталық басшысы.

Сондай-ақ елімізде алғаш рет елорда әкімдігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауы­мен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «iQala» қалалық қызмет көрсету орталығы құрылған болатын. QalaQyzmet жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Ол халықтың коммуналдық қызметтерге жүгінуін барынша азайтты. Қызметтерді алудың ыңғайлылығы қала тұрғындарының QalaQyzmet-те көрсетілетін қызметтерді алуға деген сұранысын арттырып отыр.

«Бір терезе» қағидаты бо­йынша қызмет көрсету 3 тәсілмен жүзеге асады. Барлық қызмет онлайн форматқа ауыстырылды, елордаға (жасыл дәліз) жүк көлігі үшін кіруге және шағын орта бизнес секторы үшін қала бойынша жүріп-тұруға онлайн өтінім беру сервисі іске асырылды. Сондай-ақ қызметтер фронт-офистерде тікелей консультация арқылы көрсетіледі, қызметтерді Қазақстанның барлық өңірінде, соның ішінде SMS арқылы алуға болады.

Астанада QalaQyzmet жобасы жүзеге асқалы бері 700 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның жұмысын одан әрі дамыту жоспарлануда.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button