Басты ақпарат

«iKomek» – жедел шешімдер орталығы

Жыл басынан бері елорда тұрғындарынан келіп түскен 350 мыңға жуық өтініш «iKomek» орталығы арқылы жедел шешілді.

«Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асыру бойынша қала әкімі Әсет Исекешев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орта­лығының қызметіне көз жеткізді.
Аталған орталықтың жетекшісі Жаннат Дубирова жұмыстың нәтижесі бойынша «iKomek» АҚШ пен Канаданың қызметтеріне сүйене отырып, осы арқылы бірыңғай байланыс нүктесімен тұрғындарға көмек көрсетудің төрт деңгейлі үлгісі – интеллектуалды байланыс орталығына (қалалық және мобильді телефоннан «109» нөмірі) негізделгенін атап өтті.
– Біз архитектуралық және жер мә­селелерін шешу үшін сәулет қызметтері орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Онда көптеген бюрократия бар, орталық құру арқылы оны азайта аламыз. Дамыған елдердің тәжірибесін көрдік, солардікі секілді қалалық қызметтер орталығы ашылады. Мен олардың әрбір ауданда кем дегенде 4-еуін ашуды жоспарлап отырмын. Алғашқысы осы жылы «Астана молл» сауда орталығында ашылады, – деді Әсет Исекешев.
«109» бірыңғай байланыс орталығы» құрылған уақыттан бастап кеңейтілген қызмет көрсету функциялары арқылы жыл басынан бері 461 мыңнан астам өтініш түсіп, олардың 77 пайызы шешілген. Астана қаласы әкімдігінің «iKomek» бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық қызметтердің барлық байланыс орталығын біріктіреді, сол сияқты қала тұрғындарының бірыңғай байланыс нүктесі болып есептеледі.
«iKomek» орталығында қаладағы 4422 бейнебақылау камерасы орналасқан. Бұл бейнекамералар, негізінен, қоғамдық орындарда, яғни сауда орталықтары, мешіттер, үлкен аялдамалар, теміржол вокзалдары секілді жұрт көбірек шоғырланған мекендерде орналасқан. Осы арқылы «iKomek» орталығының операторлары тәулік бойы бақылау жүргізеді. Аталған орталықта қалалық Ішкі істер департаментінің қыз­меткерлері бар. Өзара қызмет барысында 2018 жылдың басынан ІІД-ге 1297 өтініш келіп түсіп, оның 1189-ы өңделді, ТЖД желісіне 102 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 100-і шешілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button