Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Ақмола

Облыс әкімі Бурабайда туризмді дамыту барысында іске асырылатын негізгі жобаларды таныстырды. Курортты аймақта алдағы жылдары спорт және сауықтыру орталықтары, отбасылық отельдер, аквасаябақ, сырғанау алаңдары се­кілді түрлі көңіл көтеру орындары ашылмақ. Сонымен қатар, туристерді көбірек тарту мақсатында коттедждер қалашығын ашу да жоспарланып отыр.

Қарағанды

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында Қарағанды өңірі бойынша спорттық керуен ұйымдастырылды. Шара барысында қара­ғандылық белгілі спортшылар алыс-жақын ма­ңайдағы ауыл балаларына шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, ашық жаттығулар өткізді.

Атырау

Атырауда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «е-ПИК» жобасы енгізі­леді.

Түркістан облысы

Жетісай ауданындағы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылында 300 орынға шақталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыста алдағы жылы 40-қа жуық білім ұясының құрылысы басталады.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту үшін өңірлік бюджеттен 662,8 млн теңге көле­мінде қаржы бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға көп болып отыр.

Ақтөбе

Былтыр Ақтөбе қала­сындағы 13 мектеп үш ауысымда білім берген. Биыл қалалық білім бөлімі ескі мектептердің жанына жаңа ғимарат салу арқылы үш ауысымды мектеп мәселесін шешті.

Павлодар

Екібастұзда Шахтер күні тойланды. Ертіс өңірінің кеншілері кәсіби мереке қарсаңында 30,8 миллион тоннадан аса көмір өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5 пайызға артық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button