Жаңалықтар

Келісімнің келісті келбеті

ERA_7046

Кеше елордада «Астана – Қазақстан халқының ұлттық бірлігін нығайтудағы негізгі фактор» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында қолға алынған шараның болмысы да бөлектеу. Түрлі этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік мекеме өкілдері және жастардың басы қосылған бұл жиынның мақсаты – Астана қаласын Қазақстан халқы бірлігін шоғырландырушы фактор ретінде көрсетуге бағытталған мәселелерді шешуге арналған диалог алаңын құру. Конференцияны қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бақыт Есімова ашты.
– Биылғы жыл Мемлекет бас­шысының жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Қандай ел болмасын ішкі тұрақтылыққа ерекше маңыз береді. Бірлік бар жерде тірліктің де мәні болатыны аян. Ұлтаралық бірлік – ол тек бір халықтың ғана ұстанымы емес, әлемдік өркениеттің ортақ мүддесі саналады. Бүгінгі таңда елімізде ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі қалыптасты. Сондықтан Елбасы жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен достық саясаты біздің қашанда басты бағытымыз болып қала береді, – деді ол өз ойын түйіндеп.
Шындығында, ғылыми шара ашық пікірлесу алаңына айналды. Әрине, оның әрін келтіріп, мәнін әдіптеген, еркін ойларымен елге таныс «Қа­зақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов пен осы ұйымның вице-президенті, журналист Артур Платонов болды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы ақпараттық-насихаттық тобының жетекшісі Қазыбек Қазыкенов секілді бірқатар азаматтар жиын барысында ұлттық бірлік пен этносаралық тұтастықтың түп қазығына тоқталды. Және бүгінгі жас ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиеттерді молынан сіңіру мен келісімнің келісті келбетіне айналған елорданы ұлтаралық бірліктен өнеге алған жастар қаласына айналдыру жайында байыпты ойлар айтылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button