Қала тіршілігі

Көк тудың желбірегені…

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова барлық қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл мерекенің биыл ел Тәуелсіздігінің символы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
Басқосуда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Астана қаласының, Қызылорда және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласына қатысты жұмыс­тарының ахуалы жөніндегі есептері тыңдалды.
Мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуын қадағалау мәселесі бойынша Ас­тана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев баяндама жасады. Ол жақында ел­ордада мемлекеттік комиссия тарапынан тексеру жұмыстары өтіп, 75 мекеме қаралғанын, нәтижесінде
тудың ластануы, кейбір жер­лерінің жыртылуы, түс­те­рінің кетуі секілді деректер анықталып, оның бәрі 1 жұмыс күні ішінде түгел қалпына келтірілгенін атап өтті.
Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру мәселелері қаралды.
Рәміздерді құрметтеуде Астана өзге қалаларға үлгі болу керектігін айтқан Гүлшара Әбдіқалықова комиссия жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларына мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері, сонымен қатар осы саладағы заңнамаларды сақтау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button