Басты ақпарат

Рәмізіңмен рухтан!

Кеше республика жұртшылығы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Астана қаласының мекемелері мен ұйымдарында да танымдық-тағылымдық шаралар ұйымдастырылды.


Елорда әкімдігінде рәміздер күніне орай елтаңба авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібековпен мемлекеттік қызметкерлердің кездесуі өтті. Шараны қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Сондықтан бұл мерекенің жөні бөлек. Кездесу барысында сәулетші жиналғандарға рәміздердің құндылығы жайында сөз сөйледі. Өзі авторы саналатын елтаңбаның жасау барысынан естелік айтты. Бұл кісі комиссияға жұмысын 173-ші болып тапсырыпты. Кейін келе үміткерлердің саны 245-ке, жазба түрінде 293-ке жеткен. Солардың арасынан Жандарбек аға мен Шот-Аман Уәлихановтың еңбегінің бағы жанған.
«4 маусым – шын мәнінде қасиетті күн. Осы күні мемлекеттік рәміздер қабылданды. Біз көкпен таласып желбіреген көк байрақты, әрбір таңбасы ұлтымыздың тарихынан сыр шертетін елтаңбаны, тыңдаған кезде намысыңызды қайрайтын әнұранды кие тұтуымыз қажет. Мемлекеттік рәміздер еліміздің әрбір азаматының рухын көтеретін нышанға айналуы керек. Сондықтан бәріңізді маңызды мерекемен құттықтаймын» деді елтаңба авторы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button