Жаңалықтар

ЛОНДОНДАҒЫ ШЫНЫ САРАЙ

ЭКСПО көрмесінің тарихы тереңде жатыр. Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондондағы Гайд-саябағында мемлекет қайраткері, кәсіпкер және дизайнер Генри Коулдің және Альберт Девиз ханзаданың бастамасымен ұйымдастырылды.

306592_28_i_043-kopirovat

Көрме «Барлық елдер ұлы іспен, яғни адамзатты жетілдірумен айналыссын» деген ұранмен өтті. Көрмедегі ең көрнекті ғимарат темір мен шыныдан тұрғызылған Хрус­таль сарайы болды. Сәулетші Джозеф Пакстонның қолынан шыққан туынды жеңіл жиналып, бөлшектенетін сарай еді. Кейінгі жылдары ірі қалаларда Хрусталь сарайына ұқсас оқу залдары, пассаждар, тоғыспалы галереялар салына бастады.

ЭКСПО көрмесінің әу бастан мақсаты – жаңадан шыққан ғылыми-техникалық жетістіктерді паш етіп, олардың болашақта дамуына сеп болу, сондай-ақ, қатысушы елдердің тарихын, салт-дәстүрін және мәдениетін көпшілікке көрсету. Әлемнің 65 мемлекеті бұл дәстүрден ажырамай, көрмені өз деңгейінде өткізіп келеді.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button