Жаңалықтар

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

G35A0269-1

 «Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысы барысында елордалық сауда орындарындағы жағдай, «AstanaBike» жобасының жүзеге асырылуы, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына жедел жауап беру мәселелері сөз болды»  деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

          Ә. Жақсыбеков қала тұрғындарынан келіп түскен өтініш-тілектер мен шағымдарға айрықша талдау жүргізу керек екендігін атап өтті. Ағымдағы жылдың 18 ақпанында өткен әкімнің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша, 186 ауызша және жазбаша өтініш қабылданған. Оның 38-інің орындалу уақыты 2017 жылға дейін болса, 62-сі толығымен шешілген, ал 86 өтінішке түсіндірме берілді. Елорда әкімі, сондай-ақ, кезекті есеп беру кездесуіне дайындала беру керектігін айтты.

         Сауда орындарында арнаулы жұмыс топтары құрылса да, бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Яғни, «Шарын» және «Шанхай» сауда орталықтарында көбінесе оңтүстік өңірлерге қатынайтын қалааралық автобустар аялдайтын  «автотұрақ» қалыптасқан. Бұл ретте жолаушылар заңсыз тасымалданады және қауіпсіздік ережелері сақталмайды.

         – Аталған мәселе бір күнде пайда болған жоқ. Мұндай жағдай темір жол вокзалы төңірегінде де бар. Тұрақақысын алатын автобустардың кестесін және кезегін жасайтын адамдар да жоқ емес, – деді әкім.

         Отырыс қорытындысы бойынша мүмкіндігінше автобекет жұмысын, қала аумағында жолаушылардың мініп-түсу орындарын, техникалық тексеруді және рейс алдында жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізуді  ұйымдастыру жүктелді.

         Қала әкімі, сондай-ақ, «AstanaBike» жобасын тіркеуді жеңілдетуді, техникалық ақауларды жоюды және жобаны тұрғындар арасында кеңінен насихаттауды тапсырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button