SportӘлеумет

«АСЫЛ МИРАС» АКЦИЯСЫ

img

Жақында Бурабай курорты аймағында дәстүрлі «Rixos Borovoe-2015» қайырымдылық веложарысы өтті.  Қоғам қайраткері, бизнесмен Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры ұйымдастырған айтулы акция биыл үшінші рет ізгілікке қол созған кәсіпкерлер мен атақты спортшылардың басын қосты.

   Ақмола облысы мен Rixos Borovoe қонақ үйінің қолдауымен өткен қайырымдылық жарысқа Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров пен «Астана» велокомандасының шабандозы «Тур де Франс» көпкүндік велобәйгесінің жеңімпазы Винченцо Нибали қатысты. Жалпы 30 шақырымдық жарысқа 335 адам қатысты. Әрине, бұл жарыста жеңімпаз айқындалған жоқ, әр адамның қатысқаны қайырымдылыққа қосқан үлес болып саналды. Жарыстан кейін қайырымдылық аукцион ұйымдастырылды. Саудаға Винокуровтың фирмалық «алтын велосипеді», Нибали, Шведова, Дияс секілді атақты спортшылардың бағалы бұйымдары, сонымен қатар Rixos Borovoe қонақ үйінің демалыс бөлмелері шығарылды. Ұсынылған  лоттарды Қазцинк, Beeline Kazakhstan, Kassa Nova, Forte Bank, «Верный капитал», «31 арна», «Altyntau Resources» компаниялары және жекелеген кәсіпкерлер сатып алды. Ал кезекті лотқа қойылған  балалар үйінің тәрбеленушілері салған суреттер  ең жоғары бағаға, атап айтқанда 30миллион теңгеге өтті. Жалпы бұл жолғы саудадан 105 миллион теңге қаражат жиналды. Бұл қаражат акцияның бастапқы мақсаты бойынша Щучинск қаласындағы «Балалар үйіне» және Көкшетау қаласындағы мүгедек балалар интернатына қажетті құрал-жабдықтар алуға жұмсалатын болады. Былтыр өткен қайырымдылық акциядан түскен 87 миллион теңге Қызылорда және Ақмола облыстық перинеталдық орталықтарының қажетіне жұмсалған болатын.

   Сонымен, «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының ізгілікті шарасы биыл да сәтімен өтті. Ең бастысы – жиналған қаражат балалар мүддесіне жарайтын болады.

                                                                                 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button