Басты ақпаратЖаңалықтар

МӘСКЕУ МЕН АСТАНА: СЕНІМДІ СЕРІКТЕС

06

Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдық мерекесіне орай кеше Ресейдің бас қаласы Мәскеуде Аста­на­ның мәдени күндері басталды. Онда қала тұрғындары екі күн бойы халқымыздың бай мұрасымен танысып, ұлттық өнердің тұнығынан сусындайды. Салтанатты шараға Астана әкімі Әсет Исекешев бастаған лауазымды тұлғалар мен еліміздің абыройын асырып жүрген өнер саңлақтары келді.

Ең алдымен Астана күндері ресми кездесуден басталды. Елорда әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу мэрі Сергей Собянин екі қала арасындағы байланыс туралы келелі әңгіме өрбітті.

– Біз үшін Мәскеудің мега­полисті дамыту бойынша бай тәжірибесі өте маңыз­ды. Қазір біз Астананың даму тұ­ғырнамасын қайта қарау­дамыз. Мақсатымыз – «Ақылды қала жобасы» аясында дамыту, қалада өмір сүрудің қолайлы жағдайларын жасау, жаңа технологияларды енгізу. Осы ретте Мәскеудің қалалық ша­руашылықты басқару, көлік жүйесін басқарудағы тәжі­рибесімен, қала құрылысы саласындағы жетістіктермен және оның «ақылды қала» ретінде дамыту шараларымен танысуға ниеттіміз, – деді Астана әкімі Әсет Исекешев.
Жалпы, екі елдің бас қаласы арасындағы байланыс осы ғасырдан басынан бастау алады. Содан бері екі елорданың достығына ешқашан қылау түскен жоқ. Қайта жыл өткен сайын тамыры тереңдеп, кере­гесі кеңейіп келеді. Одан кейін Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу қаласының Сыртқы экономикалық және халық­аралық байланыстар департа­ментінің жетекшісі Сергей Черемин Мәскеудің орталық ірі көрме алаңында ежелгі көш­пенділер дәуірінің болмысы мен келбетін көркемдеген қазақ ауылын аралады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button