Мәдениет

Маусымашарда – құнды мұралар

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы биылғы маусымашарын ұлттық өнеріміздің байрағын желбіреткен «Інжу-маржан» кешімен ашты.Сонау көне заманда өмір сүрген Қорқыт атадан бастап, қазақ өнерінің абыройын асырған қаншама талантты тұлғаларымыздың мұралары бүгінге аман жетіп, құнды қазынамызға айналды. Әсем ән мен күмбірлеген күй көмкерген кеште сол асылдарымыздың шығармалары ойналды. Концерттің «Інжу-маржан» деп аталуы да содан деп ойлаймыз.
Маусымашар кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігі – ­Секен Сыздық, халықаралық және рес­публикалық байқаулардың лауреаттары – Айнұр Қонысбаева, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді ­Маясаров, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Нұржан Мейірхан секілді елге танымал өнер иелерінің орындауындағы халық әндері ұлттық музыкаға сусап қалған көрермендерді әсерлі күйге бөледі. Сондай-ақ «Қорқыт» этно ансамблі мен «Шалқыма» халық би ансамблі де кештің көрігін қыздырып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button