Жаңалықтар

Мерекелік марапаттар

Кеше қалалық әкімдіктің үлкен залында Астананың 20 жыл­дық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Астана әкімі Әсет Исекешев жинал­ғандарды және барша қала жұртшылығын елорданың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Астана – Сарыарқа төсінде салынған ірі мегаполис, тәуелсіздіктің символы. Елорда – Елбасының төл туындысы. Бүгінде Астана 20 жылдық мерейтойына зор табыстармен, салмақты жетістіктерімен жетіп отыр. Елорданы әлі де әлемнің озық шаһарларымен терезесі тең, тұрғындары бақуатты қалаға айналдыру қолға алынуда. Бұған біздің толық тәжірибеміз бар. Сондықтан қаламыздың келешегі кемел, жарқын сәттері көп болады деп сенеміз. Мереке құтты болсын! – деді қала басшысы өз сөзінде.
Жиын барысында Әсет Исекешев Астананың бұрынғы басшылық қызметінде болған, елорданың салынуына, дамуына үлес қосқан ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерін, қоғам қайраткерлерін және қала басшылығын, әкімдікке қарасты ұйым жетекшілерін «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Марапаттау сәтінде сөз алып, заманауи Астананы зор мақтан тұтатынын айтқан Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Әспетова қала басшысына аналық ақ тілегін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button