Астана-20

Үйлесім мен келісім

Ұлттық музейде елорданың 20 жылдық мерекесі аясында «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» атты екі күнге созылған халықаралық конференция өтті.

Айтулы шараны өткізуге ҚР Тұң­ғыш Президенті – Елбасы қоры мен Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клуб­тарының федерациясы мұрындық болды. Келелі жиынға 200-ге жуық халықаралық және ұлттық эксперттер, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО клубтық қозғалысының және әлемдік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басқосудың мақсаты мамандар мен азаматтық қоғам өкілдерінің арасында екі тарапқа да пайдалы ақпарат алмасу, осы тақырыптарға қатысты үздік тәжірибелермен танысуға арналған диалог алаңын жасау және алыстан ат терлетіп келген қонақтарға бас шаһардың дамуы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын таныстыруды көздеген.
Конференция барысында Азия-Тынық мұхиты аймағының және Орталық Азияның Қытай, Жапония, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Филиппин, Ресей елдерінен келген спикерлер мен отандық қайраткерлер сөз алып, бас-аяғы 25-тен астам баяндама жасалды.
Жиын жұмысының нәтижесінде Қазақ­станның халықаралық сахнадағы бейбітшілік пен келісім орталығы ретіндегі рөлін растау, тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ЮНЕСКО клубтарының даму бағыттарын анықтау, сондай-ақ, біздің еліміз бен Азия-Тынық мұхиты аймағы жастарының көшбасшылық қасиеттерін дамыту секілді ұсыныстар қаралды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button