Басты ақпаратҚоғам

NEET cанатындағы жастарға жәрдем

Астана қаласында жастарды жұмыспен қамту және олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін бірқатар жоба іске қосылған. Солардың бірі NEET санатындағы жастардың үлесін азайтуға ерекше мән беріліп келеді.

Бүгінгі таңда елордада жастардың жалпы саны 232 мыңды құрайды. Оның ішінде жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ, білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7 пайыз болып отыр. Яғни 15 мыңға жуық жас бос сенделіп жүр.

NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу барысында олардың не ойлайтынын, бос­тан-бос сенделіп жүруіне қандай себептер ықпал ететінін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, бәрін жан-жақты зерттеу маңызды. Бұл ретте еліміздегі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын әлеуметтік зерттеу жүргізіп отырады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша әзірленген «Қазақстандағы NEET жастардың әлеуметтік ұстанымдары» атты зерттеу жұмысы биыл жарияланды. Бұл әлеуметтік сауалнамаға 14-28 аралығындағы жастар қатысты. NEET санатындағы жастардың қандай құндылықты алдыңғы орынға қоятынына мән берсек, басым бөлігі – 47,1%-ы берік және тату отбасын құруды көздейді. Қалған құндылықтарға көбіне материалдық сипаттағы мақсаттар кірді: көп ақша табу – 37,9%, өз үйің, пәтерің болуы – 36,2%, жақсы, қызықты жұмысқа тұру – 32,6%. Ал материалдық емес мақсаттардың екінші тобында жақсы білім алу (30,1%), адал достардың болуы (22,4%), адамдарға көмектесу (12,7%) және өзін-өзі дамыту (11,6%) таңдалды. Қызығы, әлеуметтік көңіл-күйі мәз болмағанымен, NEET жастардың 79,3%-ы қазіргі өміріне қанағаттанады екен. Тек 3,1%-ы өзінің өмір сүру салтына мүлдем көңілі толмайды.

Елордалық жастардың жұмыссыздығын төмендетуде әсіресе еңбек етуге не оқуға құлқы жоқ NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыс қажет. Олардың санын мейлінше азайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіледі. Солардың қатарында елорда тұрғындарын жұмыспен қамтып, табысын арттыруға бағытталған «JOLTAP» жобасы аясында Freelance Mumkindik бағдарламасы бар

Оқуға, жұмыс істеуге талаптанбау, құлықсыздық таныту – NEET санатындағы жастардың ең негізгі сипаты. Өкініштісі, бұлардың көбінің әлі де еңбек етуге аса ниеті болмай отыр. Аталмыш зерттеуде бұл жастардың 58,3%-ы мүлдем жұмыс іздемейді екен. Ал жұмыс істеуге аздап талаптанатындар бірқатар кедергіге тап келетінін алға тартады, атап айтқанда, төмен жалақы (51,6%) мен тәжірибенің жоқтығы (44,7%). Сонымен қатар дипломның болмауы (18,5%) және қажетті дағдылардың жетіспеушілігі (27,5%) жұмысқа орналасуға қолбайлау болады-мыс. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі NEET санатындағы жастардың мәселелерін жан-жақты анықтап, оларды еңбекке тартуда нақты бағыттарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Ал Астана қаласында 2023-2025 жылдарға арналған уақытша жұмысқа орналас­тырылмаған жастармен (NEET санатындағы жастар) жұмыс жөніндегі Жол картасын орындау шеңберінде жастардың, оның ішінде уақытша тұрақсыз жастардың әлеуметтенуіне мән беріледі. Жол картасы аясында жастарды жұмыспен қамту, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге гранттар беру және жеңілдетілген несие беру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Сондықтан елордада жастар саясатын дамытуда іс-шаралардың дені жастарды жұмысқа орналастыру және оларды өндірістік қызметпен қамтамасыз ету, уақытша тұрақсыз жастар санын қысқартуға бағытталады.

NEET санатындағы жастарға жұмыссыздар, оның ішінде ЖОО­-ны бітірген және жұмыс іздеп жүрген жастар және экономикалық белсенді емес адамдар тобы кіреді. Соңғысы саналы түрде оқымауды немесе жұмыс істемеуді таңдайды екен. Бұл туралы бас қаладағы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Әлфараби Аймақ мәлімдеді.

«Кейбір жастар жұмыс істеу­ге, білім алуға немесе кәсіптік немесе қайта даярлаудан өтуге мәжбүрсіз. Оған жас аналар, отбасындағы әлеуметтік осал топ санатындағы мүшелеріне қамқорлық жасайтындар, үй шаруашылығын жүргізетіндер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жастар жатады.

Оқуға, жұмыс істеу­ге талаптанбау, құлықсыздық таныту – NEET санатындағы жастардың ең негізгі сипаты. Өкініштісі, бұлардың көбінің әлі де еңбек етуге аса ниеті болмай отыр. Аталмыш зерттеуде бұл жастардың 58,3%-ы мүлдем жұмыс іздемейді екен

Жастар арасында ең өзекті деген екі мәселе бар. Бірі – жұмыспен қамту болса, екіншісі – тұрғын үй мәселесі. Жұмыспен қамту саласында гендерлік теңсіздіктің барын айтсақ болады. Себебі жұмыс берушілер жастарды жұмысқа аларда ер адамдарға басымдық беріп жатады. Бұл мәселе NEET санатына жататын және көпшілігі икемді кестемен жұмыс істеуді қажет ететін жас аналардың көп жағдайда жұмысқа орналаса алмауымен де расталады. Соңғы жылдары NEET санатындағы қазақстандық әйелдердің үлесі ер адамдардан екі есе көп екені байқалады» деді спикер.

Елордалық жастардың жұмыссыздығын төмендетуде әсіресе еңбек етуге не оқуға құлқы жоқ NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыс қажет. Олардың санын мейлінше азайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіледі. Солардың қатарында елорда тұрғындарын жұмыспен қамтып, табысын арттыруға бағытталған «JOLTAP» жобасы аясында Freelance Mumkindik бағдарламасы бар. Оқу бағдарламасы бизнес көшбасшыларының талаптары мен стандарттарына сай құрастырылған. Бағдарлама ұйымдастырушыларының айтуынша, білім алуға өтініш білдіргендердің 60 пайыздан астамы – елорданың 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындары. Freelance Mumkindik оқыту жүйесі негізінде жылдың соңына дейін 500 азаматқа 7 өзекті цифрлық мамандықты үйрету жоспарлануда. Тегін негізінде оқытылатын бағдарлама әсіресе жастар қызығатын таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және web-дизайнері секілді мамандықтарды қамтиды. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификат алып, ал олардың түйіндемелері JUMYS TAP Telegram-ботында жарияланады. Қазірдің өзінде модульдік пункттер арқылы 3 мыңнан астам азамат цифрлық мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытуға жазылды. Оқу бағдарламасының алғашқы легінде 177 адам оқып жатыр.

Одан бөлек, биыл «Астана жастары» ЖРО жастардың жұмыссыздығын азайту мақсатында 7 бос орындар жәрмеңкесін өткізіп, оған 6000-нан астам жастар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде 500-ге жуық адам жұмысқа орналас­тырылды.

Елордалық жастар, әсіресе NEET санатындағылар өздерің мазалаған сұрақтар бойынша қаланың 4 ауданында жұмыс істейтін «Жастарға қызмет көрсету орталықтарына» жүгіне алады. Биыл бұл орталықтарда 9 мыңға жуық адамға кеңес берілді. Келіп түскен өтініштердің 80-90% кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үй мәселелері бойынша болды. Орталықта «Отбасы банкі» АҚ, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Атамекен» ҰКП, «Астана жастары» КММ және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жастардың жоғарыда аталған өзекті мәселелері бойынша кеңес береді.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button