Мәдениет

Оңтүстіктің ән мен күйі әлдиледі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен бас қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысының елордадағы мәдени күндері өтті.


Мәдени шара аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылған бір жылдық қорытынды жұмыстарының кешенді көрмесі ұйымдастырылды. Оған 500-ге жуық жұмыстар қойылды. Жылы аймақтағы дарынды қолөнер және қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан дүниелер елордалықтарды өзінің ерекшеліктерімен тәнті етті. Тұрғындар шежірелі өлкенің тарихымен танысты. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында көздің жауыналар ұлттық киімдерді тамашалады. Сондай-ақ, қырағы фототілшілердің нысанасына ілінген табиғаты әсем өңірдің көрікті жерлері – Қазығұрт, Түркістан, Кентау, Отырар, Қаратау, Сарыағаш, Жетісай, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төле би, Сайрам аудандарының фотосуреттері ұсынылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін облыс аумағында «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында 760 шара өткізілген. Өңірдегі 26 көшеге «Астана» атауы берілген. Оңтүстік Қазақстан облысы бас қалаға сый ретінде жалпы құны шамамен 766, 2 млн теңге құрайтын Есіл өзені бойында орталық саябақ пен Министрліктер үйі аралығына дейін созылған 5,173 шақырым веложол салуда.

Шара соңында «Асқақтай бер, Астана!» атты Оңтүстік Қазақстан облысы өнерпаздарының гала-концерті өтті. Онда ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Үрәлхан Сейілбекова, Марат Оразымбетов және т.б. дарынды өнерпаздар елордалықтарға әсерлі көңіл күй сыйлады.

Зерлен ЕРКІНБЕК,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button