Басты ақпарат

Қалдықтарды өңдеуге арналады

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мыр­зағалиевпен бірге тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешеніне барды.

Астанада орналасқан қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт – қайталама шикізатты қалпына келтіру арқылы қатты қалдықтарды сұрыптайтын, сондай-ақ сұрыпталған пластмассаларды өңдейтін өндірістік нысандары бар қаладағы жалғыз кәсіпорын. Елордада 65 қоқыс шығаратын компаниядан кешенге күн сайын 950 тонна қатты тұрмыстық қалдық түседі.
Елімізде өткізілген іс-шаралар қатты қалдықтарды қайта өндеу үлесін 2018 жылы 11,51 процентке дейін арттыруға мүмкіндік берді, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 9 процентті, 2016 жылы 2,6 процентті құраған болатын. Бүгінгі таңда республика бойынша 204 қала мен ауданның ішінде 51 елді мекенде – әртүрлі кезеңдерде бөлек жинау әдісі, 30 елді мекенде сұрыптау әдісі енгізілген.
Қатты қалдықтарды өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту қажет. Осыған орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша шаралар атқарып жатыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жекелей жинауды жемісті жүзеге асыруда халықтың экологиялық санасы мен мәдениеті де маңызды рөл атқарады. Сондықтан экологиялық білімді арттыру мақсатында республикалық және жергілікті деңгейде ауқымды ақпараттық жұмыстар да жүргізілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button