Басты ақпаратҚала мен Сала

Қар тазалау қарқынды

Қыс басталғалы бері елордадан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды. Ауа райының қолайсыздығына орай, қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы, әсіресе кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қаланы қардан тазарту жұмыс­тары елорданың барлық аудандарында жалғасуда.

3 қаңтардан 4-іне қараған түні полигондарға 36 мың текше метрден астам қар (2 700 жүк көлігі) шығарылды. Ал қыс мезгілінің басынан бері миллион текше метрден астам қар шығарылған. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Қала көшелерінің қарын күреуге 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан аса арнайы техника шығады. Олар, ең алдымен, қозғалысы қарқынды көшелерді, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды және т.б. орындарды тазалайды.

Коммуналдық қызметтердің күн-түні жұмыс істейтініне түсіністікпен қарайтын тұрғындарға алғыс айтамын. Сол сияқты тазалық жұмысына жауапты қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Өз тарапымыздан коммуналдық қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту ісін жалғастырамыз: жалақы көтеру, қажет жағдайда арнайы техникаларды жаңарту» деді Жеңіс Қасымбек.

Мамандардың мәлімдеуінше, ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындардың қары күреледі.

Соңғы күні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 1,3 млн текше метрден астам қарды полигондарға тасымалдады.

Алматы ауданында қар тазалау күшейтілген режимде жүргізілуде.

Өткен тәулікте аудан көшелерінен 2 мың тоннаға жуық қар шығарылды. Барлығы жолдарда тәулігіне 200 тоннадан астам құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Қысқы маусымның басынан бері бұл көрсеткіш шамамен 7 мың тоннаны құрайды.

Көшелерді қардан тазартуға 160 жол жұмысшысы және 580 бірлік арнайы техника, оның ішінде 389 самосвал, 28 трактор щеткасы, 74 фронтальды тиегіш және басқа да техника түрлері тартылды.

Қараша айының басынан бері аталмыш аудан көшелерінен 68 мың тонна қар шығарылды. Көшелерді қардан тазартуға 641 жол жұмысшысы және 362 бірлік арнайы техника шықты. Түнде көшелерді қардан тазартуға 150 жол жұмысшысы мен 374 арнайы техника жұмылдырылды.

Қаланы қардан тазарту жұмыстары елорданың барлық аудандарында жалғасуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button