Жаңалықтар

Қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, шомылуға рұқсат етілмеген орындарға рейдке шықты. Мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 364, 412 және 440-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

«Суға түсіп, демалып жатқан азаматтарға жабдықталмаған орындарда шомылуға тыйым салынатыны және ішімдік ішпеу керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сол сияқты 2020 жылы және 2021 жылдың осы кезеңінде су айдындарында жазатайым оқиғалардың саны мен себептері туралы ақпарат жеткізілді» деді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері Азамат Құсайынов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button