Мәдениет

Қиындықты жеңген қайсар әйел

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «АЛЖИР»-дің тірі куәсі» тақырыбында дәріс өтті. Онда әйелдер лагерінің тұтқыны Анна Енданованың өмірі, ауыр тағдыры туралы айтылды.

Анна Енданова 1917 жылы Владивосток қаласында дүниеге келген. Оның жұбайы Лев Енданов Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) тергеушісі болды. 1937 жылы ол тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. 1938 жылы 31 шілдеде «Отанға опасыздық жасаған отбасы мүшесі» ретінде Анна Енданованы 8 жылға соттады, ал балалары, екі жастағы қызы және жеті айлық ұлы балалар үйіне өткізілді. 1938 жылдың 27 тамызында 21 жасар Анна Григорьевна Владивосток түрмесінен АЛЖИР-ге әкелді. Мұнда ол 8 жыл бойы аспаз болып жұмыс істеді.

Өмірінде ол соққыдан көз ашпады. Алдымен балалар үйінде ұлының, кейіннен қызының өлімі туралы естіді. 1946 жылы 18 наурызда «АЛЖИР»-ден босатылғаннан кейін оған Ақмоладан шығуға тыйым салынды. Қайғы-қасіретті, барлық қиыншылықтарды жеңе білген қайсар әйел Қажымұрат Низамутдинов деген азаматты кездестіріп, оған тұрмысқа шықты. Осы отбасы үш баланы тәрбиелеп өсірді. Балаларының бәрі жоғары білім алып, өмірден өз орындарын тапты. Анна Енданова 2014 жылы 97 жасында Астана қаласында дүниеден озды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button