Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Дәл бүгін қала мектептерінен 4978 түлек түлеп ұшады. Астаналық түлектермен ерекше мақтануға болады. Соңғы үш жылда өткізілген түрлі ғылыми жобалардың, халық­аралық олимпиадалар мен конкурстардың 49 жеңімпазы – бүгіннің өзінде оқу гранттарының иегерлері. Олар – алдағы ауқымды сынақтан босатылғандар. Мектеп бітірушілердің 4526-сы алдағы ҰБТ-ға қатысып бақтарын сынайды. «Алтын белгіден» үміткер 233 түлек те өз білімдерін көрсетуге күш салады. Ұстаздары 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы шәкірттерімен қоштасатын сәт те – осы.

erm_7574-kopirovat

Әсілінде, академик Қаныш Сәтбаев бұл күнді өмірдің үлкен жолына бастап, асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн екенін бекер айтқан жоқ. Өйткені бұл күні қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалаған сан мыңдаған бала алтын ұяларымен қоштасады. Олар үшін сыңғырлаған жез қоңыраудың үні соңғы рет соғылады.

Бұл күн – ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн. Мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез келген пендені бейжай қалдырмайтын ұлы мереке. Бұл күн – қимастық пен қуанышы қатар өрілген жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір ұмытылмас күн. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмірге топшысын қатайтып ұшыратын ұстаздардың күні бұл. Білім беруге ұмтылған ұстаздарынан жақсы білім алып, болашаққа осылай жолдама алатын шәкірттердің де күні. Бұл күн – түпсіз білім тұңғиығына бойлау­ға асыққандардың күні.

Бүгін – соңғы қоңырау!

Гүлжан РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button