Әлеумет

Қысқы спорттың қарқыны қалай?

Астана қаласының коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында елордалық жасөспірімдер мен жастар қысқы спорт түрлерімен қалай қамтылғаны және олардың жетістігін №2 спорт мектебінің директоры Бауыржан Сахарбаев онлайн брифингте саралады.

Астана қаласының климаттық жағдайы қысқы спорт түрлерін дамытуға қолайлы. Елордалықтар талғамына қарай мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы тағы басқасымен шұғылдануға мүмкіндігі мол.

– Қысқы спорт түрлерімен 700 жасөспірім тұрақты айналысады. Шорт-тректе – 133, мәнерлеп сырғанауда – 288, конькимен жүгіруде – 296, шаңғы жарысында – 72 және спорттық бағдарлау бойынша 111 спортшы жаттығады. Жаттықтырушы-педагогтар штаты 29 адамды құрайды. Оқу-жаттығу қалалық саябақ аумағында және «Алау» Мұз айдынында өтеді.

Қай спорт түрі болмасын, спортшылардың бабы мен бағын сынайтын жарыстар керек. Олсыз спортшы өспейді. Ал қалалық саябақ аумағындағы шаңғы-роллер жолы спорттық іс-шараларды жиі өткізетін орынға айналды. Онда жасөспірімдерден бөлек, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа саласы мамандары сынға түсіп тұрады. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары құны 2000 теңге тұратын шаңғыны жалға алып, таза ауада серуендеуіне мүмкіндігі мол.

Мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек­пен «Astana open» Астана қаласының ашық біріншілігі, шаңғы жарысынан «Бұрқасын» фестивалі қалалық спорттық шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі, – деді спорт мекемесінің басшысы.

Жасөспірімдер даңқты спортшыларға қарап бой түзейді, солардың жеңісті жолын жалғастыруды армандайды. Астанада мұндай спортшылар аз емес. №2 ­мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Сахарбаев астаналық спортшылардың жетістігін талдап берді.

Елордалық мәнерлеп сыр­ғанаушылар Алина ­Дауранова мен Дарья Гаврилова Аустрия­ның Инсбрук қаласында жасөспірімдер арасында өткен әлем кубогының 3 кезеңінде қола жүлде алды. Алинаның жетістігі мұнымен шектелмейді. Ол Калгари (Канада) қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.

Шорт-трекші Яна Хан ­Пекинде өткен қысқы Олимпиада ойынында үздік бестіктен көрінді. Жақында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен XXXI Бүкіләлемдік қысқы универсиадада Малика Ермек мен Санжар Жанисов күміс медаль иеленді.

Шаңғы жарысы бойынша Мария Геращенконың жетістігімен мақтануға әбден болады. Ол Эстонияның Отепя қаласында байрағы көтерілген әлем кубогында және Италия­ның Рига қаласында өткен әлем чемпионатында үшінші орын алды.

Анна Левковец пен Рахат Бралин мәнерлеп сырғанау бойынша табысты өнер көрсетіп келеді. Былтыр олар Беларусьтің Минск қаласында өткен халықаралық жарыста жүлдегер атанды.

Негізгі 80-ге жуық астаналық спортшы ел құрамасында табысты өнер көрсетіп келеді.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button