#Жаңа Қазақстан

Рәміздер – елдік белгісі

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін мемлекеттік рәміздеріміз – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

іздің мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар олар әлемдік каталогқа енгені белгілі. Біле білсек, ел тә­уелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер – егіз ұғым. Бүгінгі таңда елордамыз – Астанада елдігімізді танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Мәселен, мемлекеттік туымыз желбіреп тұратын тұғырлы алаңның жанынан өткен сайын өз еліңе деген мақтаныш сезім бойыңды тербейді. Халық­аралық форумдарда немесе Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында көк байрағымыздың биіктен желбіреуі, әнұранымыздың әлем көгінде шырқалуы әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады. Мен елдігімді білдіретін мемлекеттік рәміздерімді әрқашан мақтан тұтамын!

 Асанәлі Нұржанов,

5-сынып оқушысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button