Жаңалықтар

«Сахнагер-2019: Үздіктер марапатталды

Елордада «Сахнагер-2019» ұлттық театр сыйлығының иегерлері анықталды. Биылғы лауреаттарды марапаттау салтанаты «Жастар» театрында өтті.Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясымен бірігіп үшінші жыл қатарынан ұйымдастыр­ған аталмыш сыйлық елімізде театр өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан өнер иелері мен театр қызметкерлеріне тапсырылады. Биыл бұл сыйлық пен арнайы кубок 18 үздік маманға табыс­талды.
Атап айтқанда, «Үздік драматург» – Роза Мұқанова, «Үздік режиссер» – ­Гүлсина Мерғалиева, «Үздік актер – Нүркен Өтеуіл, «Үздік актриса» – Назгүл Қарабалина атанды.
«Teaтр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» аталымы сыйлығын Олег Ли, Ғайникамал Байқошқарова, Сердеш Қажымұратов, Мағзұм Бақытжанов иеленді. «Сахналық ғұмыр» аталымы бо­йынша Рымкеш Омарханова мен Гүлжамал Қазақбаева марапатталды. 30 жас маманға «Үміт» сыйлығы тапсырылды.
Бұған қоса, үздік опера, балет, қуыршақтар театрларының үздік актерлері анықталды. Сценограф-суретші, жарық беруші, дыбыс беруші секілді үздік сахна мамандары марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button