Денсаулық

Сақтандырудың әлемдік тәжірибесі

Германия – әлеуметтік сақтандырудың отаны. Осы елде 1848 жылы полиция қызметкерлеріне арналған алғашқы сақтандыру кассасы ашылды. Уақыт өте келе, әдістің тиімділігіне көзі жеткен канцлер Отто фон Бисмарктың бастамасымен 1883 жылы медициналық сақтандыру туралы заң қабылданады.2007 жылдан бастап осы елдің әрбір азаматы қалауынша мемлекеттік немесе жеке сақтандыру кассасына міндетті түрде ақша аударып, медициналық сақтандырылуы тиіс болып қалыптасты.
Статистика бойынша Германияның тұрғындарының 90 пайызы – мемлекеттік сақтандыру қорының клиенттері. Қазір олардың саны жүзден асты. Ең ірілері: AOK, Techniker Krankenkasse, Barmer GEK и DAK-Gesundheit.
Немістердің бұл жүйесінде мемлекет денсаулық сақтау саласын өздігімен қаржыландырмайды, бірақ жұмыс берушілер мен жұмысшыларды сақтандыру қорының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекет орталықтандырылмаған медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысына бақылаушы қызметін атқарады. Елде кәсіби аймақтық ерекшеліктеріне сай құрылған түрлі сақтандыру кассалары жұмыс істейді. Осылайша медициналық сақтандыру Германияның денсаулық сақтау саласының негізін құрайды.
Ол бойынша барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің медициналық сақтандыруы болуы тиіс. 2013 жылғы мәліметтерге сәйкес жылына 52 200 € артық табыс табатындар жеке немесе мемлекеттік сақтандыруды таңдауды өздері шешеді. Мемлекеттік сақтандыру кассасында тіркелгендердің жалпы алғанда, 20 пайызының жекеменшік сақтандыру қорларында да есебі бар. Елдегі жекеше сақтандыру компанияларының саны елуден асады.
Мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйе­сі бойынша барлық медициналық қызметтер тегін. Алайда кейбір қызметтердің ақысы бөлек көрсетілген. Соның бірі – стоматология. Алайда кейбір сақтандыру кассалары халыққа қолайлы болуы үшін, тісін тым жиі емдететіндер үшін оның 90 пайызын тегін емдеуді қарастырады.
Сонымен бірге қамсыздандырылған азамат салауатты өмір салтын ұстанып, спорт залдарына тұрақты түрде денесін шынықтырып, дәрігер алдын жылдап көрмейтін болса, жиналған ақшасының бір бөлігі қайтарылады. 18 жасқа дейінгі балалардың барлық медициналық шығындарын сақтандырушы компаниялар есебінен қаржыландырады.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button