Сайлау - 2021

Сайлау учаскеңізді қалай тексересіз?



Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Сайлау күні белсенді сайлау құқығына ие, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады. Дауыс беру жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскесінің аумағында тіркелген тұрғылықты жері бойынша тұратын сайлаушылар тізімі бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан өзіңіздің сайлау учаскеңізді алдын ала білу маңызды.
Мұны ЖСН, тегі, аты, әкесінің атын және туған күні немесе сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, төмендегідей қызметтер арқылы жүзеге асыруға болады:
1. Әкімдіктің astana.gov.kz веб-порталы («astana.gov.kz/kz/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» басты бетте «Өз сайлау учаскеңді тап» баннерін басыңыз);
2. Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);
3. @smartastana_bot Телеграм-боты арқылы («Қызметтер» бөлімінде).
Бұл байланыс арналары арқылы сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың мекенжайы мен атауын, сондай-ақ картада сайлау учаскесі орналасқан жердің белгісін білуге болады.
Сондай-ақ ғаламторға кіре алмайтын адамдар үшін iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы азаматтар өз учаскесін таба алады.
Естеріңізге сала кетейік, елордада сайлау қарсаңында «Белсенді сайлаушы» акциясы басталды, оның нәтижелері 5 қаңтарда шығарылады. Акция шарттарына сәйкес, сайлау учаскелерін онлайн-қыз­меттер арқылы тексерген әрбір бес мыңыншы қолданушы естелік сыйлықтарға ие болады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button