Жаңалықтар

Сақшылар сақадай сай

«Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау жасағының қатары ондаған командирмен толықты. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі және қалалық Қоғамдық даму істері басқармасы «Сақшы»  жасақ жұмысының ресми ашылу салтанатын өткізді.

Биыл – елорданың 20 жылдық мерейтойы. Демек, мереке қарсаңында көптеген шаралар ұйымдастырылмақ. Осы орайда Жергілікті полиция қызметкерлеріне жас тәртіп сақшылары көмекке келіп, қаладағы тыныштықты қамтамасыз етуге атсалысады. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шараларымен айналысатын жас сақшылар арнайы іріктеуден өтті. Олар жасы 16-дан асқан, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әрі сотталмаған болуы керек.
Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есиннің айтуынша, сақшылар кешкі сағат 7-ден бастап түнгі 10-11-лерге дейін рейдтік шараларға қатысады. Жасөспірімдердің жол-қауіпсіздік ережелерін сақтауы да жас инспекторларға міндеттелді. Мәселен, былтыр 1200-ден астам әкімшілік-құқықтық заңнамалық анықтама толтырылып, арнайы айыппұл салынды.
Айта кетейік, жасақ жұмысы қыркүйек, қазан айларына дейін жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button