Басты ақпаратҚоғам

Ширек ғасыр бұрын

Елордаға «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы көшіп келді.

«Өлетін бала молаға қарай жүгіреді» деген тау бөктеріндегі әсем шаҺарды тастап, аязы ұлыған Арқада-Ақмолада не бар, бұл идеядан түк шықпайды деп әлі де күмәні басым болып, ұшқары пікір айтып жүрген біраз әріптес, замандас ел газеті, қарашаңырақ басылым «Егемен Қазақстан» елордаға көш түзеген соң аузына құм құйылғандай әсерде қалды. Мемлекеттік органдар әлі толық

Қазақ Сарыарқа төсіне өлеміз деп емес өнеміз, өсіп, өркендейміз деп ұлы көшті бастады. Шүкір, ширек ғасыр ішінде Целиноград – Ақмола – Астанадағы қазақтардың үлесі 18 пайыздан 81 пайызға дейін өсіп, бұл шахар ұлысымыздың ұйытқысына, еліміздің ордасына айналды

Сарыарқа төсіне жайланып, жайғасып болмай жатып-ақ, әлі жасы қырыққа жетпеген Ақпарат және қоғамдық келісім минис­трі Алтынбек Сәрсенбаев бас газетті бас қалаға тезірек әкелу жолында табандылық танытты. Осы кезде газеттің бас редакторы Ержұман Смайыл болатын. Мен бірінші орынбасар ретінде министрдің арнайы тапсырмасымен жарты жыл бұрын Астанаға қоныс аударып, дайындық шараларын бастап кеткен болатынбыз. Ақмола облысының Целиноград ауданы әкімдігі өздері отырған екі қабатты ескі ғимаратты редакцияға босатып беріп, күрделі жөндеуді бастап кеткен едік. Қазақ Сарыарқа төсіне өлеміз деп емес өнеміз, өсіп, өркендейміз деп ұлы көшті бастады. Шүкір, ширек ғасыр ішінде Целиноград – Ақмола – Астанадағы қазақтардың үлесі 18 пайыздан 81 пайызға дейін өсіп, бұл шаһар ұлысымыздың ұйытқысына, еліміздің ордасына айналды. Елдің, халықтың сөзін айтатын ұлттық басылымның осыдан ширек ғасыр бұрын, дәлірек айтқанда, 1999 жылғы 20 ақпанда ел төріне келіп орналасуы саяси және рухани мәні зор оқиға болып қала береді. Ақпанның аязы арқырап тұрған таңғы сәтте қала жұртшылығы вокзалдан Шерхан Мұртаза мен Ержұман Смайыл бастап келген «егемен қазақстандықтарды» жылы шыраймен қарсы алды. Халық ақыны Қонысбай Әбіл арнау айтса, қаламгер Клара апай Әмірқызы шашу шашты». Астанаға тек «Егемен Қазақстан» ғана келген жоқ, онымен бірге Сәкеннің, Тұрардың, Смағұлдың, Ғабиттің рухы ере келді» деп гүрілдеді Шераға. Осы оқиғаны мен бүгінде еңбек ететін «Астана ақшамы» газеті бірінші бетінен бастап сүйіншілеп берген екен. Бас басылым көшін бас қалаға бастап келген Президент сыйлығының алғашқы лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержұман Смайыл 1999 жылдан дүниеден өткен 2018 жылға дейін тұрған «Самал» мөлтек ауданындағы үйіне ескерткіш тақта орнату жөніндегі шешімге қалалық арнайы комиссия мүшелерінің дәл осы аязды ақпан күндері қолдау білдіруі бір ерекше үйлесімнің нышанындай болып, ширек ғасыр бұрынғы оқиғаны есімізге түсіріп еді.

Тағыда

Еркін Қыдыр

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button