Ел тынысы

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі қандай?

Бас қаладағы «Rixos» қонақүйінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ) П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ) және В.Горбатов атындағы РҒА-ның азық-түлік жүйелері федералды ғылыми орталығымен бірлесіп ұйымдастырған халықаралық конференция өтуде.

Төрт күн бойы әлемнің әр қиырынан келген 40-тан астам жетекші ғалымдар, саясаткерлер, Парламент депутаттары, сондай-ақ азық-түлік сапасы бойынша сарапшылар, бизнес көшбасшылары, Ресей және Қазақстан ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, елшілер, жоғары оқу орындарының ректорлары, ауыл шаруашылығы мамандары адамзат үшін ең өзекті тақырыптарды ашық талқылайды.

Конференцияның әртүрлі сессияларында сарапшылар азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар нәтижелерімен бөлісті. Жиын жаһандық азық-түлік мәселелері бойынша терең диалог жүргізуге және дәйекті шешімдер табуға тамаша мүмкіндік туғызатыны анық.

«Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі деген ұғымның маңызы аса зор. Өйткені күнделікті өзіміз тұтынатын тамақ өнімдері бір сәттік қана нәрсе емес. Олар ұзақ сақталмайды әрі тірі организм. Қазір біз жаһандану ғасырында өмір сүреміз. Азық-түлік өнімдері бір елден екінші бір елге көп тасымалданады. Олардың табиғи қалпын сақтап, бүлдірмей қалай жеткіземіз? Бұл – өзекті мәселе. Сондай-ақ тамақпен бірге түрлі аурулар да таралады. Олардың жолына тосқауыл қоямыз десек, бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ іс-әрекет жасауға тиіспіз. Астанадағы жиында осындай күрделі, түйткілді мәселелерді ашық талқылап, әркімнің ой-пікірін тыңдап, соңынан белгілі бір ортақ келісімдерге келеміз» деді П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті агробиотехнология департаментінің директоры, профессор Елена Пакина.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button