Жаңалықтар

ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Астана қаласының Есіл аудандық ІІБ бастығы Серік Әбутәліпов өзі басқаратын аумақтың жағдайын баяндай келе, жарты жыл бойы атқарған жұмыстардың есебін берді. 

top_0ef4e45174b51b6e4d1 (1)

Бүгінде профилактикалық есепке аудан бойынша 140 адам алынған. Учаскелік инспекторлар оларды мекенжай бойынша әрдайым тексеріп тұрады. Сонымен қатар, жуырда өткен рейд кезінде Есіл ауданында пәтерін жалға беретін 550 адам анықталып, оның 328-і заңдылығын тексеру үшін салық органдарына ұсыныс ретінде жолданған.

Жалпы, 2016 жылдың жарты жылдығында жергілікті полиция қызметкерлерімен 8 250 әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзушылықпен 572 тұлға әкімшілік жазаға тартылып, 104 тұлға әкімшілік қамауға алынған екен. Тыныштықты бұзу – 662, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу – 640, белгіленбеген орында темекі шегу – 369, белгіленбеген орында сауда жасау – 179, қаланың абаттандыру ережесін бұзу– 1919 және басқа да тәртіп бұзудың 3909 дерегі тіркелген. Жалпы 34 млн 603 мың 814 теңге айыппұл салынып, оның 17 млн 129 мың 534 теңгесі өндірілген.

– Тәртіп бұзушылық пен қылмыс жиі болатын криминогенді жерлерде, атап айтқанда «Пригородный», «Заречный», «Полет», «Западный» аудандарында апта сайын жедел профилактикалық шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция жасақтарын қайта орналастыру, патрульдік бағыт­тарда түзету мен өзгерістер енгізілуде. Сонымен қатар, келер жылы әлем назарын аударатын «ЭКСПО-2017» көрмесін өт­кізуге дайындық барысында лайықты деңгейде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осы бағытта ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында тұрғындар мен полиция арасында тығыз қарым-қатынасты нығайту мақсатында көпқабатты тұрғын үй кешендерінде, аулаларда тұрғындармен кездесу жиындарын өткізуді жал­ғастырамыз, – дейді С.Әбутәліпов.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button