Жаңалықтар

БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН БАЙЫТТЫ

«Астана Арена» стадионы алаңында балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Психологтар мен арт-терапевтер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап коммуникативтік дағдыларды дамытуға және өз-өзіне деген сенімді арттыруға бағыттал­ған түрлі ойындар ұйымдас­тырды.

wallpapers-kids-03_0

Акция бағдарламасын тәжі­рибелі мамандар әзірлеген. Арт-терапияның түрлі әдістері балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ойлау қабі­леттілігі мен қажетті әлеуметтік машықтарын дамытуға мүм­кіндік берді.

– Мұндай қайырымдылық шарасы елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Акцияның мақсаты – ойын, іс-қимыл және елес-қиял арқылы баланың шығармашылығын шыңдау. Бұл өз кезегінде балаларды әлеуметтік бейімдеуге және өз бетінше өмір сүруге үйретеді, – дейді «Best for Kids» қоғамдық қорының президенті Сая Кәкім.

Айта кетейік, шараға астана­лықтар ғана емес, Ақмола облы­сының балалары да қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button