Басты ақпарат

Тоқыма фабрикасы салынады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Kayaturk Group» компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркетінің құрылыс мәселесін талқылады. Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Ішкі нарықта фабрикалар мен зауыттарға, көтерме сауда және қоймадан тарату орындарына сұраныс бар. Сондықтан елордаға және қала тұрғындарына маңызды мұндай нысандарды көптеп ашып жатырмыз. Олардан шығатын өнімді мысалы, жаңа нысандардың құрылысына; тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялауға; инженерлік тораптарды алмастыруға пайдалануға болады. Сонымен бірге тармақталған желілерді салу қажеттігін пандемия да көрсетіп отыр. «Kayaturk Group» компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесін талқыладық. Холдингтің құрылтайшысы Абдул Насыр Четин – тұрақты жұмыс орындары ашылып, өндіріс жолға қойылатынын атап өтті» деп жазды А.Көлгінов.
Сонымен қатар қала басшысы инвесторлармен жекелеген кездесулермен қоса инвестициялық кеңестер де өткізізіп жүргенін тілге тиек етті. Өңірлік инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жұмыстардың ішінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа да жобалар бар екенін атап өтті. «Құрылыс жекеменшік қаражатқа жүргізіледі. Әр инвестормен жеке жұмыс істеп, пайда болған әкімшілік тосқауылдарды жойып жатырмыз» деп сөзін түйіндеді әкім.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button