Мәдениет

ТУҒАН ЕЛДІ ӘНГЕ ҚОСАДЫ

11 қараша күні Конгресс-холда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әнім сенсің, туған ел!» концерті өтеді. Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастыратын кеште Қазақ оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, дирижері – ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов) сүйемелдеуімен елдікті асқақтататын шығармалар орындалады.

umytylmas-ander

Филармонияның өзге өнерпаздары да концерттен тыс қалмайды. Атап айтсақ, Бибігүл Жанұзақ, Бәтима Изенаева, Күнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Данияр Мұқан, Зульфия Баймырзаева және «Шалқыма» халық би ансамблі кешке қатысады.
Концерттің басталуы: 19.00-де.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button