Ел тынысы

Тұрғындар талабын тыңдады

Астана қаласы мәслихатының депутаты Бауыржан Смайылов өз сайлау округінің азаматтарын қабылдады. Тұрғындар тарапынан жеке сипаттағы және Сарыарқа ауданың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер көтерілді.

Соның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер баспанаға ие болуы үшін оларды жеке санатқа бөлуге септесуді сұрады. Көтерілген мәселелердің қатарында интернет пен көшедегі бейнебақылау камералары жұмысына байланысты «Көктал-1» тұрғын алабының тұрғыны 2021 жылдан бері камералар және әлсіз интернет жайлы мәселені көтеріп келе жатқанын атап өтті. Оған мәслихат депутаты бұл мәселеге қатысты жауапты басқарма өкілін шақырып, тыңдауды ұсынды. Өткен жылы «Көктал-1»-де 34 камера орнатылғанын, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Сондай-ақ сайлаушылар тарапынан Сұлукөл көшесіндегі жолдардың, тротуарлардың және автобустарға арналған бұрылу жолының болмауы айтылды. Бұған себеп, былтыр осы көшедегі үйлерге орталық жылыту жүргізу кезінде жол төсемі, тротуарлар мен олардың жиектері ашылған. Енді оны қалпына келтіру керек.

Тағы бір мәселе – Абайдың 150 жылдығы көшесіндегі жол төсемінің құрылысын аяқтау. Бауыржан Смайылов бұл мәселені қала әкімінің қатысуымен өткен мәслихат отырыстарында бірнеше рет көтергенін атап өтті. Тиісті тапсырмалар берілді. Алда жаңа сметалық құжаттама дайындалып, тендер өтеді және жаңа мердігер айқындалады. Бұл жұмыстар 2025 жылға қарай аяқталады. Сондай-ақ округтегі ұзақ уақыт бойы аяқталмай тұрған бірнеше құрылыс орны мен кондоминиум нысанына қатысты мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар қалалық мәслихат депутаты Бауыржан ­Смайылов Шәймерден Қосшығұлұлы көшесі, 19/1, 19/2, 19/3 және 19/4 мекенжайларында тұратын тұрғындармен кездесті. Бұл көппәтерлі үйлер мемлекеттік бағдарлама аясында 2011 жылы салынды. Тұрғындар көшені жарықтандыру, өрт сөндіру жүйесі, автотұрақ, балалар алаңдары, көгалдандыру және жалпы үй маңындағы аумақты абаттандыру мәселелерін көтерді.

Бұл депутаттың аталмыш үйлердің тұрғындарымен алғашқы кездесуі емес. Бауыржан Смайылов мәслихатқа сайлау науқанында да олармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Аталған мәселер Жол картасына енді.

«Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің артында салынатын автотұрақ мәселесі оң шешілді. Қоғамдық талқылаулардың нәтижесінде тұрғындардың көпшілігі үйдің жанындағы бос қалған жерде скверді ұйымдастыруға дауыс берген еді. Менің ойымша, қаланы егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына өзгерістер енгізуге және тұрғындардың өтініші бо­йынша қоғамдық кеңістік құруға ештеңе кедергі емес» дейді мәслихат депутаты.

Жалпы осы үйлердің айналасындағы бос кеңістікте балабақша салу жоспарланған. Бірақ тұрғындар балалар мен ересектердің бос уақытын өткізуге арналған орындардың жоғына байланыс­ты осы жерде демалыс алаңын салуды сұрап отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button