Жаңалықтар

ҰБТ-ны үйде тапсыруға бола ма?

Айгүл ИМАНБАЕВА, талапкердің ата-анасы: 

– ҰБТ-ны үйде тапсыруға болатындығы туралы жаңалық қаншалықты рас? Оны қалай ұйымдастыруға болады?

Оқырман назарына Қазақстан Рес публикасының Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВТІҢ жауабын ұсынамыз:

– ҰБТ-ның алдындағы сынақ тестілеуді түлектерге үйде отырып-ақ тапсыруға рұқсат беріледі. Түлектердің ҰБТ-ға дайындалуы үшін онлайн түріндегі сынақ тестілеу жүйесі жетілдірілді. Бүгінгі күнге дейін 145 мың рет онлайн тестілеу тапсырылған. Жыл басынан бері мектептердің өтінімі бойынша қағаз түріндегі сынақ тестілеу 390 мың рет өткізілді. Әрбір түлек орта есеппен бұл сынақтан 7 рет өтеді. Айта кетейін, бұл – дайындыққа арналған жаңа бағдарлама. Ал ҰБТ-ның, яғни негізгі емтихан беру форматы өзгермейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button